16 Мая 2025 16:19

Мечтай о большем. Мечты сбываются.

Школа-гимназия №75

Город Астана, Есильский район, Мангилик Ел, 28/1

Виртуальная приёмная
  • Учебно- полевые сборы.

    С 12 по 16 мая во всех школах г. Астаны начались учебно- полевые сборы. В...

    15 Мая 2025

    подробнее

    Мая

    15

  • «Закон и порядок»

    Учащиеся школы-гимназии №75 — Отеджанов Алдияр 9 «И»,...

    14 Мая 2025

    подробнее

    Мая

    14

  • Прошел конкурс научных проектов 

      Сегодня, прошел конкурс научных проектов среди школьников. Целью...

    13 Мая 2025

    подробнее

    Мая

    13

5 ҚЫРКҮЙЕК ТІЛ КҮНІНЕ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

5 ҚЫРКҮЙЕК ТІЛ КҮНІНЕ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Іс-шараның атауы: №75 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні ӘБ 5-қыркүйек Қазақстан Тілдері күні мен Ахмет Байтұрсыновтың туған күні мерекесіне орай ұйымдастырған «Тілім менің ғасырларға аманат» атты  әдеби-сазды кеш.

Түрі: Әдеби-сазды кеш.

Мақсаты: Оқушылар мен мұғалімдер арасында мемлекеттік тілді насихаттай отырып, олардың тілге деген қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтижесі: Оқушыларға мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіріп, көшбасшылыққа, жаңашылдыққа, тәжірибе жасауға және іс-әрекетке ұмтылдыру.

Қатысушылар: 2-11сынып оқушылары мен мектеп ұжымы.

Жауапты мұғалім: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Керимова Г.Е., Бардосова Л.С., Гайнуллина Г.Т.

Барысы:

№75 мектеп-гимназиясының қазақ мен әдебиеті пәні ӘБ 5-қыркүйек Қазақстан Тілдері күні мен Ахмет Байтұрсыновтың туған күні мерекесіне орай «Тілім менің ғасырларға аманат» атты  әдеби-сазды кеш ұйымдастырып өткізілді.

Әдеби-сазды кеш Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды.

Алаш зиялылары туралы бейнебаян көрсетіліп, «Қазақ» газетінің шығарылу тарихынан 9-11 сынып оқушылары әсерлі көрініс қойды.

Жүз отызға жуық ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан  Қазақ еліндегі  әр ұлт  тілдерінде оқушылар мәнерлеп өлең оқыды.

Күмбірлеген күй мен  әсем ән, мың бұрала билеген бишілердің өнері  кештің сәнін келтірді.

Қорыта айтқанда, тілді, туған жерді, ұлттық құндылықтарды дәріптеп оқушы бойына сіңірген мерекелік шара болды.

9 Сентября 2024 16:12

Полезные ссылки

-->